​РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ: Шымкентте "Ашық есік" күні өтті

0
463


​РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ: Шымкентте

2024 жылдың 24-29 маусым аралығында жүріп жатқан «Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай Шымкент қаласы ЖИТС орталығы «Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу» – тақырыбында «Ашық есік» күнін өткізді.

Іс-шара барысында орталықтың гинеколог дәрігері келушілерге жыныстық жолмен жұғатын аурулар (әрі қарай ЖЖЖА) және репродуктивтік денсаулық туралы кеңес берді, ЖЖЖА-ға мазок пен қан сынамаларын алды. Сондай-ақ уақтылы тексерілу мен жоспарлы жүктіліктің пайдасын түсіндірді.
АИТВ жұқтыру қауіпі жоғары топ өкілдерін Достастық кабинетінің дерматовенеролог маманы қабылдап, ЖЖЖА-дан қорғану жолдары, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, жеке гигиена нормаларын сақтау жайында кеңес берді. АИТВ-ға жедел тест жүргізді. Сонымен қатар контактіге дейінгі (КДП) және контактіден кейінгі профилактиканың (ККП) АИТВ инфекциясының алдын алуда орасан зор рөлі жайында түсіндірме жұмысын жүргізіп, КДП ұсынды. Науқастарды жүйелі түрде тексеріліп, уақтылы ем алуға шақырды.
Іс шараның мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, АИТВ алдын алу, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Келушілер арасында орта есеппен «Д» есепте тұратын – 8 науқас, АИТВ жұқтыру қауіпі жоғары топтардан –17 адам тексеріліп, кеңес алды.

Еске салайық, Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатқан Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда.

Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау, жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты тақырыптарда кеңес береді.

Репродуктивті денсаулық апталығы 30 маусымға дейін жалғасады.

Бөлісу