Шымкент қаласының тұрғындары ерлі-зайыптыға бүйрек трансплантациясы жасалды.
Науқас күйеуіне әйелі өзінің бір бүйрегін берген.
№1 қалалық клиникалық аурухана базасында кезекті 221- ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды.
Науқастар ерлі—зайыпты, донор - әйелі, ал күйеуі - рецепиент. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған.
Қазір екі пациенттің де жағдайы жақсы. Бүйрегін алмастырған науқастар үйге шығарылды.