​Senat Open шахмат турнирі: Финалға алғаш жеткендер анықталды

0
325


​Senat Open шахмат турнирі: Финалға алғаш жеткендер анықталды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының шахмат бойынша Senat Open ашық кубогының жартылай финалдағы бес турнирінің алғашқысы Шымкентте өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аясында Қазақстан шахмат федерациясы KazChess ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген облыстық деңгейдегі 100 жеңімпаз «Оңтүстік» өңіріндегі үздіктерді анықтау үшін Шымкентке жиналды. Жартылай финалдық ойындардың ашылу салтанатына қаланың, мәслихаттың және KazChess филиалының басшылығы қатысты. 9 турда өткен жедел ойынның нәтижесі бойынша Senat Open ашық финалына қатысатын жиырма бес өкіл анықталды.

Жартылай финалдың ашылу салтанатына KazChess өкілдерінен басқа Шымкент қаласы әкімнің орынбасары, қалалық мәслихаттың өкілдері қатысты. Ойыншыларға бейне құттықтауды Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов жолдады.

«Қатысушыларды турнирдің осы кезеңіне шығуымен құттықтағым келеді. Senat Open көптеген қатысушылар үшін алғашқы маңызды бәсекелестік тәжірибе болса, ал басқалары үшін шахмат ойнауды үйренудің басты мотивациясы деп білеміз. Іріктеу кезеңдері өзінің ауқымы, қатысушылардың саңы және географиясы бойынша турнирді бұрын-соңды болмаған деп санауға болатындығын көрсетті. Бұрын-соңды бірде-бір спорт федерациясы немесе қоғамдық ұйым Парламент Сенатының қамқорлығымен осындай көлемдегі жарыс өткізген емес. Қазақстандық шахмат федерациясы осындай өршіл жобаны бірінші болып жүзеге асыра алғаны қуантады», - деп атап өтті Тимур Турлов.

9-тур рапид қорытындысы бойынша Senat Оpen финалына қатысу үшін «Оңтүстік» өңірінің жиырма бес өкілі анықталды. Сондай-ақ, олардың арасында депутаттар, журналистер, қоғам қайраткерлері, 60 жастан асқан әйелдер мен қатысушылар арасында үздік ойыншылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

Іріктеу турнирлері 21 сәуірден бастап 15 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада өте бастаған болатын. Әр аймақтың үздік 25 ойыншысы аймақтық тұрғыда өтетін жартылай финалдың бірінде – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталықта ойнауға құқылы болды.

Тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда 200-ге жуық адам сайысқа түседі. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адам келеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу