Шымкентте қала басшысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен қала аумағында аэровизуалдық тексеру жүргізді.
Тексеру барысында су тасқыны, сел және көшкінге қауіпті учаскелерді қарады. Тұрғын аймақ, су қоймалары, Бадам су реттегішінің жоғарғы бөлігі және Бадам өзені бойындағы Сайрам-су өзенінің жағдайын бақылады.
Тексерудің нәтижесінде қала әкімі жауапты мамандарға су тасқынына қауіпті аймақтарға бақылауды күшейтуді және қажет болған жағдайда су қоймаларын алдын ала әрі қауіпсіз түрде босату бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.