2024 жылдың 14-24 тамыз аралығында Тбилисиде жаңа серияның бірінші кезеңі өтті. Бұл кезеңде отандасымыз Бибісара Асаубаева алғашқы турдан бастап соңғы турға дейін көшбасынан көрінді.
Шымкентте «Rixos Khadisha Shymkent» бес жұлдызды қонақ үйінде шахматтан әйелдер Гран-при ФИДЕ екінші кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов пен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворкович қатысып, шахматшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ шарада «Rise» шоу-балетінің орындауындағы хореографиялық қойылым мен Aida KaumeNOVA сән көрсетілімі және «Format» live-тобының қатысуымен музыкалық бағдарлама қойылып, көрермендерге көңіл-күй сыйлады.
ФИДЕ мен Freedom Holding Corp компаниясының қолдауымен Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастырған Гран-при сериясы тоғыз кезеңнен тұрады. Шахматшылар төмендегідей тізімде:
1. Тань Чжунъи (Қытай)
2. Александра Горячкина (FIDE)
3. Хампи Конеру (Үндістан)
4. Катерина Лагно (FIDE)
5. Дивья Дешмух (Үндістан)
6. Элизабет Петц (Германия)
7. Ставрула Цолакиду (Греция)
8. Нургюл Салимова (Болгария)
9. Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолстан)
10. Бибисара Асаубаева (Қазақстан)
Әр турнирдің жүлде қоры 80,000 $ құрайды, ал барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша үздік он шахматшы арасында қосымша тағы 120,000 $ бөлінетін болады.
Айта кетсек, 2024 жылдың 14-24 тамыз аралығында Тбилисиде жаңа серияның бірінші кезеңі өтті. Бұл кезеңде отандасымыз Бибісара Асаубаева алғашқы турдан бастап соңғы турға дейін көшбасынан көрінді. Алайда соңғы турда Польшадан келген 30 жастағы Алина Кашлинскаяға есе жіберіп, 105 ұпаймен екінші орыннан көрінді. Гран-при сериясында ең көп ұпай жинаған екі қатысушы 2026 жылғы ФИДЕ үміткерлер турниріне қатысуға мүмкіндік алады.