Ш.Мұқан: Бұдан былай мектептерде ақша жиналмайды

0
942

Мектептердегі алым-салым - заңсыз. Заңды бұзған мектеп басшылары заң алдында жауап береді. Ақша жинауға қажеттілік жоқ. Мемлекет білім беру саласын толық қаржыландырып отыр.


Ш.Мұқан: Бұдан былай мектептерде ақша жиналмайды

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан: "Бұдан былай мектептерде ақша жиналмайтындығы" туралы өз парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Шымкенттің мектептеріне жұмысқа тұруды жүйеледік. Пара бермей жұмысқа тұру мүмкін екенін биыл мұғалім болғандардан сұраңыз, растайды. Тамыз айынан бермен қарай, 349 мұғалімді жұмысқа қабылдадық. Онлайн және офлайн олармен екі рет жүздестім. Бұл тәжірибемізді басқа облыстар да зерттеп жатыр. Бұдан былай балабақша мен колледж қызметкерлерін де осы жүйе арқылы жұмысқа аламыз.

Білім ұйымдарының басшыларын жұмысқа алуды да қатаң талаптарға сай өткізіп жатырмыз. Оған тәжірибелі ұстаздар, қоғам белсенділері мен журналистер куә.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Кешеден бері мектептерде мұғалімдер мен ата-аналардан жиналатын ақша күнтәртібіне шықты. Бүгін таңертең Шымкент қаласындағы мектептердің директорларын ескерттім. Бұдан былай мектептерде ақша жиналмайды. Мектептердегі алым-салым - заңсыз. Заңды бұзған мектеп басшылары заң алдында жауап береді. Ақша жинауға қажеттілік жоқ. Мемлекет білім беру саласын толық қаржыландырып отыр.

Ата-аналар мен мұғалімдерді АҚША ЖИНАУҒА ҚАТЫСПАУҒА ШАҚЫРАМЫН. Ондай жағдай болса, хабарласыңыздар.

Білім беру саласын тазалай алмасақ, сапалы білім туралы айтудың өзі артық. Білім басқармасы, мектеп директорлары, мұғалімдер мен ата-аналар көлеңкелі келеңсіздікке жол бермей, күш-қайратымызды бір мақсатқа жұмылдырсақ, балаларымызға сапалы білім беру жолында күш біріктірсек, Шымкент қаласының білім саласын Қазақстанда алдыңғы қатарға шығаратынымызға сенемін, - деп жазды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.