«Кең Баба», «Mega Planet», «Hyper House», «Shymkent Plaza», «Nauryz Park» сынды ойын-сауық кешендерінде аттракциондар мен батуттардың жұмысы тексерілді.
Шымкент қаласында саябақтар мен демалыс орындарында тексеру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесе аумақтағы «Кең Баба», «Mega Planet», «Hyper House», «Shymkent Plaza», «Nauryz Park» сынды ойын-сауық кешендерінде аттракциондар мен батуттардың жұмысын тексерді.
Ондағы қауіпсіздіктің қатаң сақталуы жөнінде арнайы бақылаушыларға түсіндіру шараларын жүргізді.
Аудан аумағында жалпы 11 саябақ және 9 ірі сауда орталығы бар. Аумақта адам көп шоғырланған жерлерде санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ күнделікті жұмыс атқарып келеді.
Бүгінде рейдтік тексеру нәтижесінде карантин талаптарын бұзған 3 200 кәсіпкерлік нысан анықталып, 2 013-не әкімшілік хаттама толтырылды.