Жыл басынан бері зейнеткерлердің белсенді өмір салтын қолдау мақсатында 53 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» мекемесі 2025 жылы нәтижелі жұмыс атқарды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың наурыз айында мекеме 120 орынды жаңа ғимаратқа көшіріп, қызмет көрсету аясы кеңейтілді.
Нәтижесінде 2024 жылы сауықтыру кешенінде 2 003 зейнеткерге қызмет көрсетсе, былтыр 2 536 зейнеткер ем алды. Қазіргі таңда сауықтыру кешенінде 25 түрлі емдеу қызметі көрсетіледі.
Атап айтқанда – ванна, циркулярлық душ, УФО, УЗТ, УВЧ, биоптрон, тұзды шахта, электротерапия, жылытқыш матрас, иондық детокс, инверсиялық үстел, электрфорез, парафинмен емдеу, мойын массаж аппараты, ингалятор, массаж орындығы аяқ массажері, дарсонваль, биоптрон, магнитті терапия, электртерапия, СЦЭК және басқа да қызметтер. Сумен емдеу бөлімі де бар.
Бұған қоса, жыл басынан бері зейнеткерлердің белсенді өмір салтын қолдау мақсатында 53 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Шымкенттегі санаторлық-курорттық қызмет кезек тәртібімен ұсынылады. Ол үшін зейнеткерлер geo-shym.kz сайты арқылы шипажай кезегіне тіркелуі қажет. Бұл кезек басқарма тарапынан берілетін шипажай жолдамаларын алуға жарамды.


