Жаңа автобустар бейнекамералармен және салқындатқыш жүйесімен толық жабдықталған.
Шымкент қаласында әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі №30 бағыттағы қоғамдық көлігі 12 жаңа автобуспен жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында 2019 жылы 300 жаңа автобус, 2020 жылы 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда пайдалану мерзімі 5 жылға дейінгі жаңа автобустар көрсеткші 90 пайызды құрайды. Ал, биыл қала тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, тасымалдаушы мекемелерге ескірген автобустарды жаңалау бойынша талап қойылады. Осыған орай, 2023 жылы тасымалдаушы мекеме есебінен жаңа 20 автобус сатып алу жоспарда бар.
Қалалық тұрақты маршруттарда 600-ден астам автобус жаңар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метанды пайдаланады. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетеді. Сонымен қоса, үшінші станцияның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында "Диспетчерлік қызмет орталығы" КММ автоматтандырылған бағдарлама арқылы қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысына үздіксіз мониторинг жүргізіп отырады. Егер де, жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталған жағдайда, жедел түрде тиісті шаралар қолданады.