Акция аясында тұрғындар құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан тегін кеңес ала алады.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы 31 шілдеде Шымкент қаласында халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында республикалық «Халық заңгері» акциясы өтеді.
Іс-шара сағат 16:00-де Арбат аумағында басталады. Акция аясында тұрғындар құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан тегін кеңес ала алады.
Азаматтарды қабылдауды жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аумақтық және құқық қорғау органдарының, прокуратураның, адвокатураның, нотариаттың өкілдері, сондай-ақ, заң саласының басқа да мамандары жүргізеді.
Баршаңызды өзіңізді қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша кәсіби заң көмегін алып, қажетті түсіндірмелерді пайдалануға шақырамыз.


