Дәрігерлер тәжірибе алмасу барысында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, түрлі тақырыпта дәрістер тыңдады.
ERNUR.KZ. Түркияда ұйымдастырылған біліктілікті арттыру бағытындағы кешенді шараларға жергілікті медицина ұйымдарындағы бейінді мамандар қатысты.
Онда акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, реабилитологтар, гематологтар, онкогематологтар, хирургтер, урологтар, травматологтар, неврологтар, эндокринологтар, кардиологтар мен онкохирургтер қатысты.
 Шымкенттік дәрігерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы Түркия мемлекетінің алдыңғы қатарлы мамандандырылған «Acibadem Healthcare Group Hospitals/ Acibadem University»  орталығымен келісім шарт жасаған. Ортақ келісім негізінде  32 медицина қызметкері біліктілігін арттырды. 
 Дәрігерлер тәжірибе алмасу барысында кәсіби  дағдыларын жетілдіріп, түрлі тақырыпта дәрістер тыңдады. Сондай-ақ аталған университеттің семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысты. Хирургиядағы теориялық және практикалық жаңа әдістерді үйреніп, озық технологияға негізделген операция түрлерін меңгерді. 
                        
                        
                    
