ШЫМКЕНТ: №34 бағыттағы автобустар жаңаланды

0
476

№34 бағытта қозғалыс сызбасы Қазығұрт шағын ауданы мен Клара Цеткин аралығында ұйымдастырылған.


ШЫМКЕНТ: №34 бағыттағы автобустар жаңаланды
Шымкент қаласында №34 бағыттағы автобустар жаңаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі М.Әйтеновтің Абай ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Агроферма шағын аудандарының тұрғындарымен кездесуі барысында №34 бағыттағы автобустардың аралық интервалына және олардың ескілігіне шағымдар жасалған болатын.
Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық шағымды ескере отырып №34 бағытта қызмет көрсеткен компаниямен келісімшарт біржақтама бұзылды.
Қазіргі уақытта аталмыш бағытта 12 автобуспен (демалыс күндері -10) «Shymkent Bus» тасымалдаушы компаниясы өз есебінен қызмет көрсетуде.
№34 бағытта қозғалыс сызбасы Қазығұрт шағын ауданы мен Клара Цеткин аралығында ұйымдастырылған.