ШЫМКЕНТ: Абай ауданында биыл 1500 адам қаржылық сауаттылық курстарын аяқтап, сертификат алды

0
693


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында биыл 1500 адам қаржылық сауаттылық курстарын аяқтап, сертификат алды
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Республикалық «AMANAT» партиясы және Шымкент қалалық филиалымен Шымкент қаласы әкімдігі бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар атқаруда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің «Қарызсыз қоғам» жол картасының іске асырылуда.
2024 жылдың ақпан айыннан бастап кез келген тұрғынға қаржылық сауатты арттырып, қарыздан құтылуға көмектесетін «Қарызсыз қоғам» жобасы іске тыныс алды және проблемалық борышкерлерді де оңалту бағдарламасы қолға алынды.

Қатысушылардың жартысына жуығы білікті қаржы және заң мамандарының көмегін алуда.

2024 жылдың 5 ақпанынан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша 1500 адам қаржылық сауаттылық курстарын аяқтап, сертификат алды (бұл жоспар бойынша 50 % орындалды).

Тренингке қатысушылардың басым бөлігі қаржылық сауаттылықтың төмендігінен келеді, соның салдарынан Қазақстан халқының қарыздық жүктемесі артып келеді. Курс барысында қаржы мамандары оқытумен қатар, бизнесті мемлекеттік қолдау, отбасылық бюджетті құру бойынша жеке кеңестер берді, «Қарыз қоғам» жобасына қатысушылар еңбекке тіркелуден бастап кең ауқымды мәселелер бойынша кеңестер алды; .kz порталы және жеке кәсіпкерге соттан тыс банкроттықты рәсімдеу және берешекті өтеу кестелерін жасау бойынша кеңес алған.
Тренинг барысында қатысушылар заңгерлердің көмегін пайдалана алады, сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша құжаттарды жинау бойынша кеңестер ала алады. Заңгерлер өтініш берген кезде әрбір қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, борыштық жүктемені жеңілдету бойынша практикалық кеңестер берді, сондай-ақ шот ашудан банкроттық туралы арыз беруге дейін қолдау көрсетті. Жеке консультациялар кезінде тыңдаушылар қатысу үшін бағдарламаны таңдайды және сарапшымен бірге бизнес-жоспар жасайды.

Бөлісу