ШЫМКЕНТ: ​АБАЙ КІТАПХАНАСЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

0
345


ШЫМКЕНТ: ​АБАЙ КІТАПХАНАСЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі «10 тамыз – Абай күні» аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай «Абай әлемі» байқауын өткізеді.

Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады.
Қатысушылардың жас ерекшелігі: 1) 10- 18 жас арасындағы оқырмандар;
2) 18-35 жас арасындағы оқырмандар
І кезең – «МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН ...».
1) Қатысушы инстаграм желісіндегі shymkent_madeniet, abay_kitaphana парақшаларына тіркелу қажет;
2) Бес досын белгілеу қажет;
3) 2024 жылғы 1 маусым - 31 шілде аралығында Абай Құнанбайұлының кез келген бір шығармасын мәнерлеп жатқа оқып, 2-3 минуттан аспайтын бейнематериал түсіруі тиіс. Түсірілген бейнематериалды ұйымдастырушылардың WhatsApp және Telegram желілері арқылы телефон 8-701-368-88-71, 8-705-844-07-63,
8-775-776-03-86, 8-777-769-23-89 нөмірлеріне жіберу керек. Бейнематериал кітапхананың инстаграмдағы abay_kitaphana парақшасында жарияланады. Ең көп қаралым жинаған 30 қатысушы байқаудың ІІ кезеңіне өтеді.
15 қатысушы 10-18 жас,
15 қатысушы 18 жастан жоғары.
ІІ кезең – «Өлең – сөздің патшасы»
Байқаудың екінші кезеңі 2024 жылғы 10 тамызда, сағат 10.00-де Абай саябағында өтеді.
Қатысушылар ақынның бір шығармасын жатқа, мәнерлеп оқиды (2-3 минут).
Байқау сарапшылары қатысушыларды бағалау кезінде:
байқаудың шарттарына сәйкес әлеуметтік желідегі белсенділігіне, қаралым санына, өлеңді жатқа, мәнерлеп, нақышына келтіріп орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауына, киім үлгісіне назар аударады.

Бас жүлде ге(2) 18-35 жас – «Apple ІPhone» ұялы телефоны,

10-18 жас – Планшет
І орын (2) – Смарт сағат
І орын (4) – Фотокамера
ІІІ орын(6) – Ақылды колонка
10 дана «Абай жолы» (4 томдық) роман;
10 дана Абайдың қара сөздері кітабы берілмек.
Бөлісу