Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында 40 отбасыға арендалық пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында 40 отбасыға арендалық пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бозарық шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Пәтерлерді кейіннен сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Жаңа баспана көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.
онымен қатар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіндегі студенттер жатақханасының жағдайымен танысты. Бүгінде оқу орнында 8,5 мыңға жуық студент білім алуда. 500 орынға арналған №1 Студенттер үйі қажетті жиһаздармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жауапты тұлғаларға жатақхананың материалдық-техникалық жағдайын және студенттерге жасалған мүмкіндіктерді тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Сондай-ақ Жайлау шағынауданындағы №16 жалпы білім беретін мектепке арналған қосымша ғимарат құрылысының аяқталу барысы қаралды. 575 оқушыға арналған жаңа ғимаратта оқу кабинеттері, STEM-зертханалары, компьютер және тіл кабинеттері, спорт және хореография залдары, акт залы, асхана және басқа да қажетті бөлмелер қарастырылған. Құрылыс басқармасына нысанды жаңа оқу жылына толық дайындау тапсырылды.


