Шымкент әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

0
625

Бұған дейін бұл қызметті Шыңғыс Мұқан атқарған болатын.


Шымкент әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туылған.

Құқықтану ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және саясаттану ғылымдарының магистрі Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ.

Еңбек жолы:

1995-2002 жылдары – Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар.
2002-2006 жылдары – Мемлекеттік органдарда қызмет атқарған.
2006-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі.
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы.
2017-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары.
2019-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.
«Құрмет» орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін», Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медальдарімен марапатталған.