ШЫМКЕНТ: Ақтас-1 тұрғын алабы жыл соңына дейін табиғи газбен қамтылады

0
603

Табиғи газбен қамту бойынша «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Ақтас-1 тұрғын алабы жыл соңына дейін табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Абай ауданы Қазығұрт аумағы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерде атқарылатын жұмыс жоспарларға тоқталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Абай ауданындағы Ақтас-1 тұрғын алабы ауыз су және электр жарығымен толық қамтамасыз етілген.
Табиғи газбен қамту бойынша «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты 2022 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.
2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселді. Биыл екі көшеге – атауы жоқ № 3, 4 көшелерге шағал тас төсеу жоспарда. 2023 жылы 4, 2024 жылы 4 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.
Елді мекенде биыл 1 балалар ойын алаңшасын орнату үшін жер телімі қарастырылуда. Сондай-ақ, базалық станция орнату жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.