ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында дәстүрлі санақ жұмыстары басталды

0
414

Бүгінде аудан аумағында 28 санақ учаскісі жұмыс істейді.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында дәстүрлі санақ жұмыстары басталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында онлайн санақтан өткізу аяқталып, санақшылар толықтай дәстүрлі санақ жұмыстарына көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде аудан аумағында 28 санақ учаскісі жұмыс істейді.
Ұлттық санаққа жұмылдырылған 28 нұсқаушы-бақылаушы және 192 интервьюер жұмыс атқаруда. Санақшылар өздеріне тиесілі көпқабатты және жер үйлерде, тұрғындарды санаққа тіркеу процесін қарқынды жүргізу үстінде.