ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді

0
506

2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Диваев көшесі, төменгі Отырар шағын ауданы 9, 11 үйлердің сығымдау, Бейбітшілік көшесінде ескірген құбырларды жаңасына алмастыры жұмыстары тексерілді.

Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 613-і орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Бүгінде оның 35 пайызы жылыту маусымына дайын. Алда бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.
Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісімшартқа тұру маңызды екенін ескертеміз.

Айта кетейік, қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді. 2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның 21-і түзетіліп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді. Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда.