ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы 10-ға жуық көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізілді

0
1 007

Аудан аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үйдің 40 пайызы ескірген үйлер.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы 10-ға жуық көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 9 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үйдің 40 пайызы ескірген үйлер.
2011-2021 жылдары аралығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы 141 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, 2022 жылы 9 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, 2023 жылы 8 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.