​ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жүргізілді

0
486

19 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді.


​ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жүргізілді

Шымкент қаласындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарына Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау және зерделеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы орайда, бекітілген кестеге сәйкес, қалаға қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарда, яғни Көркем (Забадам), Қарасу, Химфарм шағын ауданы бойынша кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 37 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен патрульдік топ құрылған.

Топ тарапынан қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 19 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді. Қолданыстағы заңның тиісті дәрежеде сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Айта кетейік, қалаға қарасты Абай ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған Бозарық, Қатынкөпір, Қызылжар, Қайнарбұлақ, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ - 2 , Әл-Фараби ауданы бойынша Ескі қала шағын ауданындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 216 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен патрульдік топ құрылған. Топ тарапынан қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 117 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді.