Қазіргі таңда үйлердің хаттамасы толтырылып, тұрғын үй басқармасына ұсыныс жолданды.
Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл жылы Әл-Фараби ауданы аумағында 31 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда үйлердің хаттамасы толтырылып, тұрғын үй басқармасына ұсыныс жолданды.
Бүгінде Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарына өтініш білдірген тұрғындар мен үй басқарушыларына, көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, жиналыстар ұйымдастыруда.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғындардың қалауы бойынша өздері тұратын үйдің қасбетін, шатырын, кіреберісін немесе жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген соң, кеткен шығындарды мемлекетке 10-15 жылға бөліп төлеуге мүмкіндіктері бар. Бірақ, мұндай күрделі жұмыстарды жүргізу үшін көпқабатты үйде тұратын тұрғындардың 70 пайызының келісімі қажет.