Бұл шаралар қала тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қолжетімділігін арттыруға және баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған.
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатта отандық тауар өндіруші кәсіпорындармен және ірі сауда желілерімен келісімшарттар жасалып, «Грамад», «Магнум», «Маркет» сауда желілерінде, сондай-ақ «Қасқасу-С», «Бәйтерек» шаруа қожалықтарының ет павильондарында және «Бақша» әлеуметтік сауда нүктелерінде күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары тұрғындарға нарықтағы бағадан төмен әрі қолжетімді бағамен ұсынылуда.
Бұл шаралар қала тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қолжетімділігін арттыруға және баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған.
Сонымен қатар, халықты азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын қолдау мақсатында апта сайын қаланың бес нүктесінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда.
Әр аптаның жұма күні:
– Абай ауданы, Шымсити шағынауданы, №21 үйдің алдында.
Әр аптаның сенбі күні:
– Қаратау ауданы, Тұран-2 шағынауданы, №43 үйдің қарсы бетінде;
– Тұран ауданы, Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында;
– Зерделі көшесі, 1А мекенжайындағы «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің алдында.
Әр аптаның жексенбі күні:
– Қаратау ауданы, Астана шағынауданы, №74 және №77 үйлердің жанындағы автотұрақ аумағында.


