Шымкент: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалары бекітілді

0
1 259

Азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары өзгерген жағдайда Call-орталыққа: 39-50-55 хабарласыңыз.


Шымкент: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалары бекітілді

Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрліктерінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы" Бірлескен бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг;
- І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 тг/кг (73 тг. қалыпты бөлке нан);
- рожки (өлшеніп салынатын) – 212 тг/кг;
- қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) – 318 тг/кг;
- тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) – 272 тг/кг;
- сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1904 тг/кг;
- тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 данасы – 305 тг/кг;
- күнбағыс майы – 422 тг/л;
- ас тұзы ("Экстра"- дан басқа) – 51 тг/кг.
Қаланың азық-түлік сауда объектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасының белгіленуі туралы хабардар етілді.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын асыра пайдалануы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тиісті шараларды қабылдау үшін Шымкент қаласының Прокуратурасы, мемлекеттік кірістер департаменті, экономикалық тергеу департаменті, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің департаменті, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен тұратын мобильді топ құрылды.

Көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының асып кету фактілері анықталған жағдайда Call-орталыққа: 39-50-55 немесе WhatApp арқылы 8-778-136-18-47 (сауда объектісінің орналасқан жерін көрсете отырып) хабарлау қажет.

Дүкендердегі тауар ассортиментінің кемінде бір түрі белгіленген бағадан аспауы тиіс.