Бағдарлама 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында басталады, онда еліміздің басты мемлекеттік мерекесіне арналған салтанатты ресми іс-шара өтеді.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібінде — күзгі су тасқынына дайындық, Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау шаралары.
Басқарма басшылары әр бағыт бойынша жоспарлардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Қала әкімі жауын-шашын кезеңіне инженерлік желілер мен нөсер жүйелерін дайындауды уақтылы аяқтау, сондай-ақ су бұру арналары мен дренаждық құрылыстардың жай-күйін тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Республика күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде абаттандыру және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Шымкентте мерекеге орай 25 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған.
Бағдарлама 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында басталады, онда еліміздің басты мемлекеттік мерекесіне арналған салтанатты ресми іс-шара өтеді. Келесі күні-25 қазанда қала тұрғындары мен қонақтарына «Астана алаңында гала-концерт ұсынылады.
Сондай-ақ, әр ауданда атаулы күнге орайластырылған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала әкімі жауапты тұлғаларға мерекелерді жоғары деңгейде ұйымдастыруды, қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды.
Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, инвестициялық жобаларды іске асыру барысы және шағын индустриялық аймақтар құрылысы талқыланды. Мегаполис басшысы жауапты басқармаларға инвестициялар тарту, жаңа өндірістік алаңдар құру және барлық жоспарланған жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.