Балалардың жазғы демалысы да жоспарлануда.
Оқыс оқиғадан көңілдері жабырқаған Арыс қаласының балғындарды қуанту үшін Шымкент қаласының мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасының ұйымдастыруымен эвакуациялық пунктерде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ертегі әлемінің кейіпкерлері бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сахналық қойылымдар әзірледі.
Қазіргі таңда Арыстық балалардың жазғы демалысын жоғарғы деңгейде өткізу мақсатында Ақмола және Павлодар облысының жергілікті биіліктерімен келіcсөздер жүріп жатыр.
Бұл туралы Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
Айта кетейік, Түркістан облысы, Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан соң Шымкент қаласына эвакуацияланған тұрғындар үшін арнайы бекеттер ашылып, оларға тиісті көмек көрсетілуде.