Бүгін Шымкент қалалық аудан әкімдері Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады
Бүгін Шымкент қалалық аудан әкімдері Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Еңбекші ауданы аумағында орналасқан мектептерден қиын жағдайға ұшыраған, тұрмысы нашар, аз қамтылған көп балалы, жалғыз басты аналар анықталып, 196 отбасы тізімі жасақталды. Оның ішінде «АШК» ЖШС тарапынан 100 отбасына азық-түлік себеттері (бір отбасына берілген азық-түлік себетінің құны – 20 000 теңге) берілді." ,- дейді Еңбекші ауданының әкімі.
Сондай-ақ, аталмыш ауданда 1 маусым балалар күні мерекесіне орай, «Фиркан сити» Фанки таун ойын кешеніне аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 56 бала мерекелік серуен ұйымдастырылған.
«Мектеп жол» акциясы аясында 151 аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларғы мектепке қажетті құралдар мен мектеп формасымен қамтамасыз етілген.
Еңбекші ауданының полиция басқармасында тіркеуде тұрған 5 жайсыз отбасыларға және есепте тұрған 3 кәмілетке толмаған балалардың отбасыларына «Мейірім» қоғамдық қайырымдылық қорының демеушілігімен азық-түлік себеті берілді.
Ал, Қаратау ауданында атқарылған жұмыстар жайымен аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров таныстырды.
"Еліміздің демографиялық ахуалының дамуына үлес қосқан ауданымыздың көп балалы аналарына "Алтын алқа", "Күміс алқа" табысталса, ауданның белсенді азаматшалары аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. "Рухани жаңғыру" облыстық жобалық кеңсесі мен Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен Назарбаев зияткерлік мектебінде "Дұрыс мамандық - жарқын болашақ" атты еркін форматта жастар форумы өтті. Жастарды көркем әдеби шығармалар оқуды насихаттау бойынша ғасырлар тоғысында "ғасыр ақыны" атанған М. Мақатаевтың ақындық талантын оқушылар жүрегіне ұялатуға, Отанды, тілді сүюге арналған іс-шара өтті", - деді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары.