ШЫМКЕНТ: ауруханада хирургиялық төсек орын саны көбейтілді

0
477

Дәрігерлердің айтуынша, төсек орны кеңейтілуіне байланысты жедел жәрдеммен келіп түсетін науқастардың саны да көбейген.


ШЫМКЕНТ: ауруханада хирургиялық төсек орын саны көбейтілді
Шымкент қаласындағы стационарлық жағдайларда хирургиялық көмекті оңтайландыру мақсатында, №2 қалалық ауруханасының хирургиялық төсек орын саны 30-ға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы №2 ауруханада тәулік бойы науқастарды қабылдап, шұғыл медициналық көмек көрсететін емдеу ұйымы.

Дәрігерлердің айтуынша, төсек орны кеңейтілуіне байланысты жедел жәрдеммен келіп түсетін науқастардың саны да көбейген. Мұнан алдын хирургтар аптасына 20 науқасқа ота жасаған болса, қазір аптасына 40 шақты науқасқа хирургиялық көмек көрсетеді. Науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін мұнда дәрігерлер және орта, кіші буын қызметкерлер саны артты.
Айта кетейік, №2 қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінде төменде көрсетілген ота түрлері жасалады:
- Грыжалар (шап, сан, кіндік, операциядан кейінгі вентральды);
- Лапароскопиялық және дәстүрлі холецистэктомия;
- Лапароскопиялық және кәдімгі аппендэктомиялар;
- Эхинококтомия;
- Өт шығару жолдарының реконструктивтік хирургиясы;
- Ішек стомаларының жабылуы;
-Асқазан мен он екі елі ішектің тесілген ойық жарасын тігу;
- Асқазанның резекциясы;
-Құрсақ қуысының жедел хирургиялық патологиясының себебі болып табылатын іш қуысы мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктеріне операциялар;
- Құрсақ қуысының және кеуде қуысының әртүрлі жарақаттарына арналған операциялар;
- Перитонитке арналған операциялар.

Ақпарат үшін айта кетсек, №2 Шымкент қалалық емханасы – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және консультациялық-диагностикалық көмекті қоса алғандағы амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымы.

Емханада медициналық көмек барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз ету және оның заманға сай болуы, яғни емделушінің алтын уақытын бағалау және емделушілерге бар мүмкіншілікті жасау мақсатында құрылған «Электронды тіркелу», «Кезексіз емхана» сияқты автоматтандырылған жүйелерін енгізу және жүзеге асыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуіне үлкен ықпал жасауда. Мамандардың жаңа технологиялық бағдарламаларды жоғары деңгейде меңгеруіне, қызметкерлердің білімін үнемі жетілдіріп отыруына үлкен мән беріледі. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында емханада цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, емделушілерге қолжетімді, сапалы медициналық қызмет уақытылы көрсетілуде.