ШЫМКЕНТ: Ауызсу мәселесі бар шағынауданға су құбыры жүргізіліп жатыр

0
903

Жұмыс сапасына кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды.


ШЫМКЕНТ: Ауызсу мәселесі бар шағынауданға су құбыры жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында ауызсу мәселесі өзекті болған шағынауданға су құбылы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы аумағында орналасқан "Ынтымақ-2" шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті болатын. Мұндағы тұрғындар тіршілік нәрін күні бүгінге дейін сатып алатын еді. Бір аптаға 15 мың теңге төлеп сатып ішкен 400 литр су әрең жететін көрінеді. Осыған орай, «Ынтымақ-2» шағын ауданына су құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қала қазынасынан 50 млн тг қаржы қаралған. Бүгінде мұндағы 10 көшеге су құбырлары тартылды. Құрылыс жұмыстарын «Ахмет» ЖШС жүргізуде. Жұмыс сапасына кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды.

«Бұл мұқтаждық 2021 жылдың 2-жартыжылдығына жетпей шешіледі. Сонда осындағы 3 жарым мың үй толықтай ауыз сумен қамтылатын болады», - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.

«Ынтымақ-2» шағын ауданына ауыз су тарту жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Қазірде құрылыс жұмыстары қарқын алған. Мердігер мекеме жұмысшы санын көбейтіп, ауыз су жүйесін белгіленген кестеден ерте бітіруді жоспарлап отыр.