ШЫМКЕНТ: "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өтті

0
1 710

39 жүргізуші қоғамдық көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған.


ШЫМКЕНТ:

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 24-26 қыркүйекаралығында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Үш күн ішінде жол жүру ережесінің 250-ден астам бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты бірінші кезекте автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру, маршрутта жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізу және құжаттарды тексеру болып табылады.

"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы үш күн ішінде Шымкент қаласының Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жол-көлік тәртібін арттыру және жол жүру ережелерін сақтау бойынша жүргізушілер мен профилактикалық әңгіме өткізді. "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың жүргізушілері тарапынан 259 жол жүру ережесін бұзғанын анықтады. Оның ішінде:

- ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүк құжатын жол парағын ұсынбауы) -14;

- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 1;

- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 3;

- ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 39;

- ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасауқағидаларынбұзу) – 1;

- ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) – 1;

- Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) – 1;

- Автопарктердің қызметкерлеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 617-бабы бойынша екі әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол ережесін мүлтіксіз сақтауды сұррайды.