ШЫМКЕНТ: БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

0
634

Бұл семинарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жалған ақпараттармен күрес, деректерді тексеру, ақпараттық манипуляция мен шынайы ақпаратты ажырата білу бойынша өзекті мәселелер көтерілді.


ШЫМКЕНТ: БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Түркітілдес журналистер қоры» мен «Шеврон» компаниясы және Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Fake news & factcheking» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл семинарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жалған ақпараттармен күрес, деректерді тексеру, ақпараттық манипуляция мен шынайы ақпаратты ажырата білу бойынша өзекті мәселелер көтерілді.
Семинарды «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы жүргізді.
- «Түркітілдес журналистер қоры» 7 жылдан бері Қазақстандағы қазақ, өзбек, ұйғыр, башқұрт т.б. түркітілдес журналистерге Қазақстанда және шетелде өтетін пресс-тур, онлайн форматтағы вебинар сериясы, экскурсия, семинар-тренинг, сондай-ақ 5 айлық ағылшын курсын ұйымдастырып келеді. Ал үстіміздегі жылдың 21 маусымынан бастап СММ, экология, мұнай газ т.б. бағытта және «Әлеуметтік журналистика және бұқаралық ақпарат құралдарындағы әлеуметтік мәселе» тақырыбында онлайн форматта вебинарлар өтеді. Бұл шаралардың барлығы «Шеврон» компаниясының қолдауымен журналистерге тегін ұйымдастырылады - деді қор президенті.
Айта кетейік аталған қор және «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбында негізделген «Еркін сөз -2021» шығармашылық байқауы жыл басында жарияланған болатын. Оған «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала» және «Үздік телесюжет» аталымдары бойынша 2021 жылдың 05 шілдесіне дейін қатыса алады.