Рейд барысында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңестер берілді.
Шымкент қаласының полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде түнгі профилактикалық рейдтер өткізуде.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын, компьютерлік клубтарды және жасөспірімдер түнгі уақытта жиі баратын өзге де орындарды тексерді. Ерекше назар заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарға аударылды.
Рейд барысында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңестер берілді.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.


