​ШЫМКЕНТ: биыл қар күреуге арналған 87 техника сатып алынған

0
1 109

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан қысқы маусымға 155 арнайы техника дайындалды


​ШЫМКЕНТ: биыл қар күреуге арналған 87 техника сатып алынған

ERNUR.KZ. Биыл Шымкент қаласында қар күреуге арналған 87 техника сатып алынған.

Бұл туралы Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Оңғар Әбілқайырұлы Бақытқали ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Күзгі ағаш отырғызу маусымына орай ағымдағы жылы 51 348 дана жай жапырақты, 9 586 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылады. Қазіргі таңда жалпы саны 20 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылды. Жұмыстар желтоқсан айында толығымен аяқталатын болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан қысқы маусымға 155 арнайы техника дайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға ұлғайтылған»,-деді Әбілқайыр Бақытқалиұлы.
Бүгінде инертті материалдардың жалпы қоры бойынша, құм - 31594 м3. тұз - 6690 тоннаны құрайды.
Бөлісу