Болашақ медицина қызметкерлеріне толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларға сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлері өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жалпы ел аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Еске салсақ, 2024 жылдың 9 айында Шымкент қаласында есірткі заттарын жарнамалайтын және сатумен айналысатын 50-ге жуық ғаламтор сілтемесі анықталып, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, бұғатталды. Тексеру нәтижесінде 10 жарнама түрі бойынша қылмыстық істер тіркелген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Нашақорлыққа қарсы күрес шеңберінде қала прокуратурасымен атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Марат Ержан Маратұлы және Шымкент қаласы полиция Департаменті басшының орынбасары Бейсенбиев Арман-Арун Рашидұлы мәлімдеген болатын.
Қала тұрғындарымен бірлесіп, есірткі жарнамалары бар қабырғалар сырланып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Тұрғындармен кездесу барысында есірткінің зияны мен заңсыз әрекеттердің салдары туралы ақпарат берілген.