ШЫМКЕНТ: Дендросаябақ аумағына 7 мың түп гүл отырғызылды

0
1 175

Қазіргі таңда, дендросаябақта 214 түрлі ағаш-бұталардың түрінен тұратын 74,0 мыңнан астам ағаш бар.


ШЫМКЕНТ: Дендросаябақ аумағына 7 мың түп гүл отырғызылды

көрнекілік фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы мегаполис мәртебесіне алған соң, 2023 жылғы 31 шілдеде А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына – жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді. Қазіргі таңда, дендросаябақта 214 түрлі ағаш-бұталардың түрінен тұратын 74,0 мыңнан астам ағаш бар.
Бүгінде Дендросаябақ аумағыдағы өрттің алдын-алуға және қауіпсіздік шаралары үшін 10 данадан өрт қалқаншалары мен рация алынған.
Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың аттарын жазуға және қауіпсіздік үшін 435 тақтайша қойылып, саябақ аумағын көгалдандыру үшін 3000 түп раушан гүлі мен 4000 түп петуния гүлі отырғызылған.

Бұл туралы Бұл туралы Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Оңғар Әбілқайырұлы Бақытқали ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында айтты.

Сонымен қатар, Ғылыми аймақта орналасқан жылыжай арнайы кленкамен жабдықталып, қыс мезгіліне дайындығын бастап кеткен. Жылыжай аумағында 30-дан астам ағаш-бұталардың түрлері өсірілуде.
Атап айтқанда: гинко, каркас, эводия, анар, лапина, хилокатальпа, барбарис, ленкоран альбициясы, қызыл арша және т.б түрлері бар.
Бүгінде Дендросаябақ аумағындағы жарықшамдар және кабельдер толығымен ауыстырылып жаңартылған.
Ағаш-бұталы екпелердің жай-күйін түгендеу, бағалау және топырақ құрамын анықтау масатында сараптама өткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы ағаштар саны - 74 560 түп, бұталар саны - 4 615 түп, ал ағаш-бұталардың гендік қоры 214 түп екендігі анықталған.
Бөлісу