ШЫМКЕНТ: диагностикалық орталықтың зертханасы жаңа аппаратпен толықты

0
1 371

Диагностикалық орталықтың зертханасы елімізде үздіктердің бірі.


ШЫМКЕНТ: диагностикалық орталықтың зертханасы жаңа аппаратпен толықты

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкенттегі диагностикалық орталықтың зертханасында жаңа талдау аппараты іске қосылды. Орталықтағы зертхана халықаралық стандарт жүйесі бойынша жұмыс істейтін, CML медициналық зертханалардың сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейтін ISO 15189-2015 халықаралық стандарты бойынша аккредиттелген. Орталықта 350-ден астам зертханалық талдаулар жүргізіледі.

– Қазіргі таңда аутоиммундық аурулар көбейіп барады. Сондықтан да оны диагностикалауға арналған анализатор аппаратын алдық. Сыртқы және ішкі зертханалық сапаны бақылау, медициналық көмек көрсету сапа жүйесінің құрамдас бөлігі. Күн сайын зертханада зерттеудің барлық түрлеріне ішкі бақылау процедуралары жүргізіледі. Зертхана сапаны сыртқы бағалауға қатысады, яғни үлгілердің сапасы ай сайын «RigasRandox» және «Bio-Rad Laboratories» зертханаларында расталады. Сондай-ақ бізде сирек кездесететін талдау түрлері де жасалады. Атап айтсам, гематологиялық , биохимиялық, жалпы клиникалық , молекулярлық, генетикалық, аллергологиялық, гормоналды панель (IHL әдісі) онкологиялық панель (ICL әдісі) қант диабеті маркерлері (CLI әдісі), остеопороз маркерлері (CLI әдісі) жүрек маркерлері (ICL әдісі), гельминтозды инвазиялар (ИФА әдісі) инфекцияның диагностикасы сынды анализ түрлері бар(әдістері - ПТР, ICL, ELISA). Жалпы зертхана жаңа аппараттарыдың толығуымен қоса талдамаларды жедел жасап беру жағынан да ілгері тұр, – деді зертхана меңгерушісі Нұрсұлу Бердиярова.
Айта кетейік, Шымкенттегі Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Диагностикалық орталықтың зертханасы елімізде үздіктердің бірі. Биыл қыркүйек айында Астана қаласында өткен республикалық форумда «Үздік зертхана» номинациясы бойынша марапатталды.
Дереккөз: «Шымкент келбеті»