ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданына 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды

0
546

Жұмыс толықтай аяқталғанда Достықтағы 3 мыңға жуықүй сапалы электр қуатымен қамтылады.


ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданына 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды

Шымкент қаласы Достық шағын ауданына 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы биыл жаз айында басталған. Осы кезге дейін 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды.

Одан бөлек, тұрғындардың сұранысы бойынша жобада қарастырылмаған көшелерге де қосымша әр 3 үйдің тұсынан электр бағаналары орнатылуда.
Қазіргі уақытта құрылысы аяқталған аумақтардағы тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 365 үй сапалы электр қуатын тұтынып отыр.
Жалпы Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы желтоқсанның 10-на дейін толық аяқталады.
Қазіргі уақытта «ОңтүстікЖарықТранзит» пен «Энергопоток» мекемелері абоненттеу жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс толықтай аяқталғанда, Достықтағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Сонда тариф құны да арзандайды. Тұрғындар бүгінгі күнге дейін электр қуатын тұтынғаны үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасап келсе, бұдан былай 17,9 теңге төлейтін болады.