ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов жауапты мамандарға мәселелер бойынша тұрғындармен жиі кездесуді жүктеді

0
846

Шымкент қалалық әкімдікте әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттің атқарылуы қаралды.


ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов жауапты мамандарға мәселелер бойынша тұрғындармен жиі кездесуді жүктеді

Шымкент қаласының әкімдігінде Ерлан Айтахановтың төрағалығымен әкімдіктің аппараттық мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәжілісте қаладағы қоғамдық саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың соңғы 7 айлық қорытындысы, республикалық бюджеттің орындалу барысы және азаматтардың статустарын өзектендіру мәселелері қаралды.

Күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша сала басшыларының баяндамасын тыңдаған қала әкімі жұмыстарды жүйелендіру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.

Яғни, қаладағы қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығын сақтау үшін тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша жауапты мамандардың халықпен кездесуін жиі ұйымдастырып отыруды жүктеді.

Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласының даму бағдарламасы аясында 2019 жылғажоспарланғаниндикаторларменкөрсеткіштің орындалуын қамтамасыз етіп, негізгі міндеттердің орындалуы бойынша ай сайын сараптама жүргізіп, қорытындысын баяндауды тапсырды. Сонымен қатар, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың негізсіз пайда болуына жол бермей,бюджеттің сапалы атқарылуын қамтамасыз етуді айтты.