Шымкент елімізде бірінші болып ҮЕҰ гранттық қаржыландыру құралын қолданады

0
698

Өтінімдер 15 жұмыс күні ішінде 22 ақпан мен 14 наурыз аралығында қабылдайды.


Шымкент елімізде бірінші болып ҮЕҰ гранттық қаржыландыру құралын қолданады

ERNUR.KZ. Шымкент Бірыңғай грант операторының қолдауымен жергілікті бюджет есебінен ҮЕҰ гранттық қаржыландыру құралын пайдаланған бірінші республикалық маңызы бар қала болды.


2024 жылы ҮЕҰ үшін гранттар конкурсы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша өткізіледі.


Конкурс аясында үкіметтік емес ұйымдар жастар арасында нашақорлық пен құмар ойындарына тәуелділіктің алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, қоғамдағы және елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру және т.б.сияқты 13 басым бағыт бойынша әлеуметтік гранттарды жүзеге асыра алады. Қысқа мерзімді гранттардың (жүзеге асыру мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін) жалпы бюджеті - 105,6 млн теңге. Гранттар сомасы 5,5 млн теңгеден 11 млн теңгеге дейін құрайды.

Оператор өтінімдерді 15 жұмыс күні ішінде 22 ақпан мен 14 наурыз аралығында қабылдайды. Өтінімдер uvp.dm-shymkent@cisc.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті бойынша қабылданады.