ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 20-мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар

0
793

Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 20-мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған.
Атап айтсақ, Еңбекші ауданында Оңтүстік және Ордабасы индустриалды аймақтары және 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан.
Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ:
- Ауыз сумен 94,5%-ға;
- Электр жарығымен 96,5%-ға;
- Табиғи газбен 90,7%-ға;
- Кәріз жүйесімен 57%-ға
- Асфальт жолмен 71,5%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен нақтыланып, бекітілді.
Айта кетейік, Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Еңбекші ауданының аумағы 20 660 га, халық саны 312 813. Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады.
Еңбекші ауданында 611 көшелер мен өткелдер,1 парк 2 сквер, 651 көпқабатты тұрғын үйлер мен 32306 жеке тұрғын үйлер орналасқан.
Сонымен қатар, аудан аумағында 43 мектеп, 24 мемлекеттік, 67 жеке меншік балабақшалар, 9 жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары, 44 денсаулық сақтау мекемелері, 11 кітапханалар, 9 спорт мекемелері орналасқан.
Әлеуметтік жағынан қорғалатын 8364 көп балалы аналар, 8134 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 1 ҰОС ардагерлері, 789 тыл еңбеккерлер, 236 ауған соғысы ардагерлері, 25545 ардагерлер бар. 2022 жылбасынан бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 6020 отбасы өтініштерін білдіріп, оның 5460 отбасыға мұқтаж, 317 отбасыға мұқтаж емес деген қорытындылар берілді.