ШЫМКЕНТ: Еріктілер жылы шағын гранттар бағдарламасы іске асырылады

0
2 058

Аталған жобаның мақсаты – бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру.


ШЫМКЕНТ: Еріктілер жылы шағын гранттар бағдарламасы іске асырылады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте Волонтерлік жылы қарсаңындағы жобаларды таныстыру мақсатында баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандағы Волонтерлік жылы қарсаңында Шымкент қаласының Волонтерлікті қолдау орталығы («Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігі) «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өкілдері «Волонтерлік бастамаларды дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын таныстыру мақсатында баспасөз брифингін өткізді. Аталған жобаның мақсаты – бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру.

Бұл жобаның Шымкенттегі серіктестері – Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, «Жас Отан» ЖҚ, «ТESh» қоғамдық бірлестігі, «National Alumni Network» қоғамдық бірлестігі, Шымкенттің американдық бұрышы. Тиісінше, волонтерлік корпус жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүйелі және үйлесімді өзара іс-қимыл жасау үшін дамыту және басқару бойынша волонтерлік ұйымдар жанынан бірыңғай үйлестіру орталығын құруға бағытталып отыр.

Сонымен қатар, жобаның ұзақ мерзімді нәтижесінде «Студенттік бастама» жалпыреспубликалық волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру, Қазақстан өңірлеріндегі кез келген әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағыттылған "VоБлаго" (Игілік үшін) еріктілер корпусын құру жолымен жүйелі қадамдар жасалады деп жоспарланған.