Дайын өнімдерді 100% ішкі нарыққа шығарады.
Шымкент қаласы «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «Фирма Дана» ЖШС шыны өндіруші кәсіпорны қарқынды жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов 2012-2014 жылдары жүзеге асырылған өндіріс орынның бүгінгі жағдайымен танысты.
Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр шыны өндіруде. Жоба құны – 500 млн теңге. Бүгінде 55 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Дайын өнімдерді 100 % ішкі нарыққа шығарады. Шымкент қаласындағы әйнек өндірісіне маманданған бірден-бір кәсіпорын.
Жаңа технологияға негізделген шыны қыста үйдегі жылуды сақтаса, жазда бөлмедегі температураны бірқалыпты күйде ұстайды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие қарызын субсидиялау, индустриалды аймақтан жер беру сынды мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.
Қала әкімі кәсіпкерлерге өндірісті кеңейтуді, бұл орайда жергілікті мамандарды жұмысқа тартуды, өнімділікті одан әрі арттыруды тапсырды.