Зардап шеккендер "Орта Азия" медициналық колледжінің екінші курс студенттері.
ERNUR.KZ. Шымкенттегі "Фосфоршылар" сарайында оқыс жағдайдан бір адам қайтыс болды.
2023 жылғы 18 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 19.48-де Шымкенттегі бұрынғы «Фосфоршылар» сарайының үш қабатты ғимаратының бір бөлігі құлаған.
Оқиға кезінде ғимаратта үш адам болған, олардың екеуі қашып үлгерген, біреуі үйінділердің астында қалып, қайтыс болды. Зардап шеккендердің барлығы - "Орта Азия" медициналық колледжінің екінші курс студенттері.
Жағдай қала әкімінің және мамандандырылған құтқару қызметтерінің жедел бақылауында, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.