Кездесу барысында шаһар басшысы спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында екенін атап өтті .
Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы баратын болды. Төрт жылда бір келетін әлем додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лецензия иеленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Солардың қатарында шымкенттік спортшыларымыз да бар. Олар аламан жарысқа қатысу үшін спорттың 8 түрінен 12 лицензия жеңіп алды. Енді олар Париж төрінде ел намысын қорғау үшін бақ сынасып, өз өнерлерін көрсетеді.
Кездесу барысында шаһар басшысы спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында екенін атап өтті .
Олимпиада ойындарына дайындалу үшін де барлық қажетті жағдай жасалғанын мәлімдеді. Ендігі міндет – қазақстандық спорттың әлеуетін барша әлемге тағы бір мәрте дәлелдеп, ел намысын қорғау екендігін айтты.
Кездесу соңында қала басшысы спортшыларға сәтті өнер көрсетуді және жеңіспен оралуды тіледі!