ШЫМКЕНТ: «iKomek 109» орталығына келіп түскен шағымдардың 98%-ы шешілді

0
494

«iKomek 109» орталығының қызметкерлері бір жылда барлығы 151 мыңнан астам шағым қабылдаған.


ШЫМКЕНТ: «iKomek 109» орталығына келіп түскен шағымдардың 98%-ы шешілді

Шымкентте «iKomek 109» орталығына бір жылда келіп түскен шағымдардың 98 пайызының шешімі табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы 30-дан астам қызмет түрі біріктірілген «iKomek 109» орталығының қызметкерлері бір жылда барлығы 151 мыңнан астам шағым қабылдаған. Оның 98%-ы өз шешімін тауып, өтініш берушіге тиісті жауап берілді. Бұдан бөлек, орталық мамандары хабарласқан 120 мыңнан астам азаматқа кеңес беріп, алғашқы қоңыраумен тұрғындар мәселелері қанағаттандырылған.
Орталық 22 қалалық басқарма, 4 аудан әкімдігі, 32 мемлекеттік және сервистік мекемелермен байланысып, қызмет атқарады.
«iKomek 109» орталығына келіп түскен шағымдар бойынша 834 ағашқа санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілді, 125 тротуарда кемшіліктер қалпына келітірілсе, 389 құдықтар жабылды, 26 жасанды жол кедергілері алынды, 923 аула жарығы қалпына келтірілді, 65 ашық трансформаторлар жабылды, 31 каналдар тазартылып, 256 жолақтар сызылып, жол кедергілері қойылды. Сонымен бірге балалар ойын және спорт алаңшалары бойынша келіп түскен 192 өтініш қанағаттандырылды.
Орталық мамандарынан құрылған мониторингтік топ 150-ден астам жауапты мекемелер орындамаған мәселелерді анықтады.