ШЫМКЕНТ: ​интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
58

Кездесуге 400-ге жуық студент қатысты.


ШЫМКЕНТ: ​интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері М.Әуезов атындағы оқу орнының 1–4 курс студенттерімен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге 400-ге жуық студент қатысты.

Іс-шара барысында студенттерге интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері мен кең таралған тәсілдері, жеке және банктік деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, сондай-ақ интернет желісін қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жастарға банк карталары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеу, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігі ескертілді.
Бөлісу