ШЫМКЕНТ: «Қайырымдылық керуені» республикалық форумының гала-концерті өтті

0
1 320

Аталған республикалық форум жыл сайын балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.


ШЫМКЕНТ: «Қайырымдылық керуені» республикалық форумының гала-концерті өтті

Шымкент қаласында 25 қазан – Республика күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы мен гала-концерті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған республикалық форум жыл сайын балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

Шымкент қаласында өткен «Қайырымдылық керуені» республикалық форумының жұмысы қорытындыланып, белсенді қатысушылар марапатқа ие болды. Шаһарда алғаш рет өткен форумға еліміздің барлық аймағынан келген 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Форум аясында «Балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында дөңгелек үстел, Оқушылар сарайында балалар үшін арнайы «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Актерлық шеберлік» сыныптарында мастер-класстар өткізілді. Әр өңірден келген 100-ге жуық жастар қала әкімдігінің қолдауымен шаһардың көрікті жерлерін аралады. Соның ішінде қалалық хайуанаттар бағына барды.

Іс-шара жастар ресурстық орталығының залында гала-концертпен қорытындыланды. Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байғонақов шаhарда көптеген қайырымдылық істер қолға алынғанын атап өтіп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Концертте еліміздің барлық аймағынан келген дарынды жастар өз өнерлерін паш етті.

Тағылымды жиынға мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық ұжымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар басшылары қатысты.

Айта кетейік, аталған форум Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтуде.