ШЫМКЕНТ: қала әкімі Измир қаласының мэрімен кездесті

0
129

Қала әкімі Шымкенттің Қазақстанның ірі экономикалық орталықтарының бірі әрі бірлескен жобаларды іске асыруға зор әлеуеті бар қала екенін атап өтті.


 ШЫМКЕНТ: қала әкімі Измир қаласының мэрімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркияның Измир қаласының мэрі Джемиль Тугаймен кездесті.

Кездесу барысында 2004 жылдан бері бауырлас қалалар ретінде ынтымақтастық орнатып келе жатқан Шымкент пен Измир арасындағы өзара байланысты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Келіссөздер барысында мәдениет, туризм, білім, ғылым және қалалық басқару салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, логистика мен цифрлық шешімдерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қала әкімі Шымкенттің Қазақстанның ірі экономикалық орталықтарының бірі әрі бірлескен жобаларды іске асыруға зор әлеуеті бар қала екенін атап өтті. Сонымен қатар түрік серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге, инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілетіні жеткізілді.
Кездесу барысында қалада түрік капиталының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, Түркия Республикасының Құрметті консулдығының қызметі және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталған қоғамдық бастамалар сөз болды.
Кездесу қорытындысында қол жеткізілген уағдаластықтар Шымкент пен Измир арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Бөлісу