Вокзалда жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артад
ERNUR.KZ. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстарын бақылады.
Теміржол вокзалына екінші қабат және бірінші қабаттың сол қанаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ әрлеу, ғимарат құрылымын нығайту және электр, өрт сөндіру, жылыту, желдету жүйелерін толық ауыстыру жұмыстары атқарылды.
Теміржол вокзалының қайта құру жұмыстарын бақылаған қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай сапалы жабдықтауды тапсырды.
Айта кетейік, қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен әрленген және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылуда.