ШЫМКЕНТ: қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

0
413


ШЫМКЕНТ: қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерде жол таңбалары сызылуда.

Жалпы, қалада асфальт жолдың ұзындығы – 2312,3 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес биыл 1100 шақырымға жуық жол таңбалары сызылады. Осыған дейін оның 167 шақырымы жүргізілген.

Олар:
1.Арғынбеков көшесі
2. Сыпырған ата көшесі
3. ⁠Адырбеков көшесі
4. ⁠Бәйтереков көшесі
5. ⁠Қазыбек би көшесі
6. ⁠Бәйдібек би - Төлеметов көшелерінің қиылысы
7. ⁠Төлеметов - Сырым батыр көшелерінің қиылысы
Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 орынға трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылады. Назарбеков көшесінде Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің тұсына салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын сызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар қозғалысқа кедергі келтірмес үшін түнгі мезгілде атқарылады.
Бөлісу